2026 жылғы 25–26 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында Баян-Өлгей облысы әкімдігі мен облыстық білім басқармасы және «Отандастар» қоры қолдауымен Қазақстанның білім күні өтті. Іс-шара Құрманхан атындағы музыкалық драма театры ғимаратында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жергілікті қазақ қандастарға Қазақстанда жоғары білім алудың мүмкіндіктері, оқуға түсу жолдары мен жеңілдіктері туралы ақпарат берілді.



Қазақстаннан келген 12 жоғары оқу орнының қатарында «Bolashaq» Академиясы да қатысты. Академия атынан ҚОТ және IT-қолдау орталығының басшысы Исмагулов Сағыныш Оразханұлы қатысып, мектеп бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарына академияның білім сапасы, мүмкіндіктері және мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

