«Менің таңдауым – Медицина!»

«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес және «Bolashaq» Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының кәсіби бағдар беру және имидждік жұмыстарын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 10 наурызда «ZOOM» платформасында Қарағанды қаласының 8–11 сынып оқушылары (медициналық бағыттағы сыныптар) арасында «Менің таңдауым – Медицина!» тақырыбында қалалық байқау өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – медицина саласына қызығушылық танытатын мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру және олардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету.Байқауға қаланың әр түрлі жалпы білім беру мекемелерінен барлығы 21 өтінім қабылданды.

Байқауды ұйымдастыру, оқушылардың жұмыстарын әділ әрі сапалы бағалау және қорытындысын шығару үшін әділқазылар алқасы құрылды. «Дәрігерлер шежіресі» (әулеті) тақырыбындағы презентациялар байқауы бойынша әділқазылар құрамына «Bolashaq» Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Абеуова О.А. кірді. Ал «Қазіргі медицинаға қажетті мамандықтар!» тақырыбындағы видеороликтер байқауының әділқазылар құрамында кафедраның аға оқытушысы Темиреева К.С. жұмыс атқарды.

Сонымен қатар әділқазылар алқасының құрамына қаланың түрлі мектептері, лицейлері мен гимназияларының, «№15 Емхана» ЖШС, «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ, сондай-ақ «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ өкілдері қатысты.Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық деңгейдегі дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Аталған іс-шара «Bolashaq» Академиясының қаланың қоғамдық өміріндегі беделін арттыруға, денсаулық сақтау саласына қызығушылық танытқан мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге және болашақ мамандарды медицина саласына бағыттауға мүмкіндік береді. Айта кету керек, Академияның фармацевтикалық пәндер кафедрасының ұжымы бұл іс-шараға 3-ші жыл қатарынан белсенді түрде қатысып келеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.