Менің сүйікті мамандығым!

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 23 сәуірінде кафедраның аға оқытушысы Қ.Қ.Жанузахова «№66 мектеп-лицейі» КММ бітіруші түлектерімен «Менің сүйікті мамандығым» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға 11 «А» сынып оқушылары қатысты. Мақсатымыз оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына, қызығушылықтарын нақтылауға, өз ара пікір алмасу арқылы болашаққа нық қадам жасауға тәрбиелеу болатын.

Сондай ақ, талапкерлерге «Bolashaq» Академиясыдағы  оқу мүмкіндіктері, білім беру сапасы, стипендия мен жеңілдіктер, академия студенттерінің жетістіктері, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының тыныс-тіршілігі жайлы мәліметтер айтылды. Көптеген сұрақтарға жауап берілді, буклеттер мен академия өмірі туралы мәліметтермен таныстыратын «ЛиМоНаД» журналдары көрсетілді. Оқушылар осындай іс-шараның өте тиімді екендігі туралы өз пікірлерін ортаға салып, өздері таңдаған мамандықтары бойынша ойларымен бөлісті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.