2026 жылғы 3 сәуірде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті базасында «Мен және заң» атты байқау өтті. Байқауға «Bolashaq» Академиясынан Ерохина Марина, Бураханова Жұлдыз (Ю-23-1 тобы) және Орныхпай Аман (Ю-24-1 тобы) қатысты.

Іс-шараға қаламыздағы 8 жоғары оқу орнының студенттері қатысты.
Викторинаның мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениет пен адамгершілік құндылықтарды арттыру.
Аталған викторинада «Bolashaq» Академиясының студенттері өз білімдерін сынап, III дәрежелі құрметті орынға ие болды.

Ғылыми жетекшісі – құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Әсел Қасенқызы.