“Мен және менің көңіл-күйім мен өзімді сезінуім”

“Өзіңді таны” психологиялық клубының жетекшілері М.Б.Коржумбаева, С.К.Мекадилова “Мен және менің көңіл-күйім мен өзімді сезінуім” тақырыбында студенттер арасында тренинг өткізді.


Тренинг мақсаты:
Өмірде өз көңіл-күйімізді түсіну және сезіну қабілеті – адамға ішкі үйлесімділік пен сенімділік береді. Бұл тренинг студенттерге өз сезімдерін тануға, эмоцияларын бақылауға және өзімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Тренинг барысында ПМНО-23-2 тобының студенттері Оразалыева Аяулым мен Мұратова Жанель баяндама жасады. Адам көңіл күйіне әсер ететін факторлар мен көңіл-күйді басқару дағдылары талқыланды.


Одан кейінгі кезекте С.К.Мекадилова студенттермен өз эмоцияларын тану және сезімдерін бақылап, ішкі үйлесімділікке жетуге көмектесу мақсатында
• Өзін тану жаттығулары: өз сезімдеріңді анықтау, эмоцияларды атау.
• Көңіл-күй картасы: әр күнгі сезіміңді түсіру арқылы өзін бақылау.
• Рефлексия және топтық талқылау: өз ойың мен сезіміңді бөлісу арқылы ішкі үйлесімділікке жету.
• Қысқа психологиялық техника: көңіл-күйді қалыпқа келтіру және өзін сезінуді дамыту жаттығуларын жүргізді.


Студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, көңіл-күйді бақылауды үйрену – күнделікті өмірге үлкен көмек болатынын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.