2022 жылдың 03 наурызында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасының аға оқытушылары Алексеева Е.А., Таликова Г. Т., Жанысбаева Р. М., сондай-ақ ДОВ-19-1 тобының студенті Жампеисова Л.С. Ғ. Мұстафин атындағы ЖББМ 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында оқытушылар 11 сынып оқушыларын “Bolashaq” академиясының білім беру бағдарламалары туралы хабардар етті.

Оқушыларға “Bolashaq” академиясының ғылым және білім саласындағы жетістіктері туралы, оның жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыратындығы, сондай-ақ дуальді білім беруді іске асыратындығы туралы толық ақпарат берілді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде академияда құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіптік даярлауды және білім мен ғылымды интеграциялауды қамтамасыз ету бойынша нысаналы жұмыс жүргізілуде.