Шеберлік сабағы

04.12.2024 ж. фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева Күмісжан Слямгазиновна Фм 23-2 тобында биоэтика және фармацевтикалық құқық негіздері пәні бойынша “Фармация қызметкерлерінің адамгершілік негізін көрсететін этикалық кодекс” тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Сабаққа оқу бөлімінен Голамазова Е. , кафедра меңгерушісі, м.ғ.к,доцент  Пахомова Д.К. , х.ғ.к, Шащанова Р.Б., м.ғ.к, доцент Курбанова Г.Д қатысты. Сабақ күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкес өткізілді. Топ студенттері сабаққа толық қатысты. Сабақ басталысымен Темиреева К.С кіріспе сөз сөйлеп, мастер-класстың өткізілу жоспарымен таныстырды. Этикалық кодекстің шығу тарихы, мақсаты,міндеттері және қолданылу принципттері айтылды. Әр елдің фармацевтикалық қоғамы фармацевтердің маңызды мәселелерін шешу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында халыққа жоғары сапалы және мамандандырылған дәрілік көмек көрсетуге жол ашады. Этикалық ережелерге сай бірнеше жылдан бергі тәжірибені бір жүйеге келтіру туралы шешім қабылданды. Соған байланысты, көптеген елдерде фармацевтің этикалық кодексі пайда болды.

Студенттер тақырып бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап берді.  Меңгерген әдістемелерді  оқу процесіне арналған   тақырып бойынша дәріханаға келген науқастарға фармацевтикалық көмек көрсету, фармацевтің адамгершілік сипатын көрсететін сөйлеу этикасы, киім кию үлгісі, қарым-қатынасы сонымен қатар дәрілік заттарды босату кезіндегі қызметті практика жүзінде көрсете білді.     

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.