ҚР ҒЖБ және Қарағанды облыстық әкімдігінің шешіміне сәйкес, Қазақстанда Алаш айлығы өтуде. Соған сәйкес “Bolashaq” Академиясында “Өшпес мұра қалдырған ұлы ақын” атты Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған поэззия кеші өтті.

Кеште қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы М.Хамзин кіріспе сөз сөйлеп, ұлы ақынның мәлім емес шығармашылығына тоқталып, жалпы Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік жолындағы ұлы еңбегіне, шығармашылық жолына , т.б. қасиет, сипаттарына жан-жақты талдау жасады.


4 курс студенті Сыздық Диляра Мағжан поэзиясы жайлы баяндама жасаса, Айтбек Дильназ, Магимова Диана, Рысмағанбетова Меруерт, Шари Қымбат ақын шығармаларын жатқа оқып, өз толғаныстарын ортаға салды.




Кешке Құқықтану мамандығының студенттері де қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.
