Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы “Рухани жаңғыру” ұлттық бағдарламасы аясында кураторлық сағаттар топтамасын аяқтады.
Бұл шаралар жаһанданудың барлық қазіргі заманғы қатерлері мен сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарының жандануына бағдарланған ұлттық бірегейлікті сақтауға, қоғам өмірінің алуан түрлі салаларындағы өткеннің көрнекті қайраткерлерінің есімдерін жаңа ұрпақ жадында қайта жаңғыртуға арналған.
Биылғы оқу жылында “Ұлы даланың ұлы есімдері” атты кураторлық сағат Отан қорғаушылар күнімен, Жеңіс күнін қарсы алумен тұспа-тұс келді.
Кураторлық сағаттар соғыс жылдарында майдандағы ұрыс қимылдарына, тыл жұмысына қатысқан және сол арқылы Ұлы Отан соғысындағы бүкіл Кеңес халқының жеңісін жақындатқан Қазақстандықтардың аға буынына, туған-туыстарына арналды.
1 млн 196.164 қазақстандықтар соғысқа қатысқан, 603.836 адам еңбек армиясына жұмылдырылған, 615 адам Кеңес Одағының батырлары болған. Олардың қатарында кафедра қызметкерлерінің, ПОҚ және студенттердің жақындары да бар.
Ұйымдастырушылар студенттер мен кафедра оқытушыларына өз отбасыларының тарихына үңіліп, өздерінің батылдығымен, ерлігімен, айнымас табандылығымен мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтауға, бейбіт заманда өмір сүруімізге ықпал еткендері үшін алғыс айтуымыз керек адамдар туралы әңгімелерімен бөлісуді ұсынды.
Бір сағат ішінде осы ұлы адамдар туралы әңгімелер айтылды.
Профессор Оразғалиева Гульфарида Шамсуловна соғысты бірінші және соңғы күнге дейін басынан кешіп өткен, Ұлы Отан соғысының ірі шайқастарының офицері атағындағы, 1 және 2 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған әкесі Шамсулла Сарович туралы әңгімелеп берді. Оның есімі – біздің академиямыздың Құрмет тақтасында.
Анасы – Ғұсманова Карима Ғұсманқызы тыл еңбеккері болған.
Кафедраның аға оқытушысы Кашуро Александр Сергеевичтің екі атасы да әртүрлі майданда ерлікпен күрескен. Олардың бірі Сталинград маңында қайтыс болды, екіншісі Берлинге жетіп, Рейхстагтың қабырғасына қол қойды.
Бегахметова Балжан Қайырқызының ата-анасы Оралда атақты Танкоградта және Луганскіден эвакуацияланған Павлодар тігін фабрикасында жұмыс істеген.
Аға оқытушы Лебедева Галина Владимировнаның ата-анасы Владимир Алексеевич пен Ольга Степановнаның балалық шағы соғыс уақытында болды. Соғыс басталған кезде олар 11 және 9 жаста еді. Колхозда ересектермен қатар жұмыс істеуге тура келді. Олар жастығына және жеткілікті тамақтана алмауына, қарын аштығына қарамастан, малға шөп шабу, жануарларға күтім жасау, жер жырту, тұқым себу сияқты жұмыстармен 10-12 сағат бойы айналысты, жасөспірімдердің физикалық күші жеткіліксіз болды, бірақ олар шыдамдылықпен төтеп берді.
Кафедраның аға оқытушысы Гусева Елена Юрьевнаның анасы Нина Георгиевна да “соғыс баласы” болған, 1941 жылы ол 8 жаста еді. Ол соғысты өмірдің ең қорқынышты беттерінің бірі ретінде есіне алады. Оның бүкіл өмірі Қазақстанмен байланысты.
Кафедра студенттері соғыс жылдарында тылда жұмыс істеген туыстары туралы әңгімелерімен бөлісті.
Бұл кураторлық сағаттар студенттер мен оқытушылардың есінде ұзақ сақталады. Соғыс туралы еске алғанда Ұлы Отан соғысын басынан өткергендердің, тыл еңбеккерлерінің шын мәніндегі ұлы тұлғалар екендігі туралы, отан қорғау жолында көрген ауыртпалықтары, шыдамдылақтары, қасық қаны қалғанша күресіп, жан аямай өз Отанын сақтап қалғаны, біздің халқымыз үшін мақтаныш сезімін тудыратыны атап өтілді.
Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы