2024 жылғы 24 қазанда “Bolashaq” Академиясында, жыл сайын 25 қазанда атап өтілетін Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған салтанатты іс-шараларға толы мереке күні өтті.
Бүгін “Bolashaq” Академиясында Қазақстан Республикасы күніне орай отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік және ұлттық бірлік идеясымен біріктірілген іс-шаралардың ауқымды бағдарламасы өтті. Студенттер мен оқытушылар мерекенің тарихи маңыздылығын атап қана қоймай, сонымен қатар елдің көпұлтты халқының бірлігін бейнелейтін іс-шараларға белсенді қатысты.
Ең жарқын және маңызды сәттердің бірі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезгілде, таңғы сағат 10:00-де орындау болды. Академияның әр түкпірінде әнұранның жанымызға жақын, жүрекке жылы патриоттық сөздері қалықтады, сонымен қатар бұл акция бүкіл елдегі студенттерді біріктірді.
Студенттер әнұранды отандастарымен — Алтайдың қарлы шыңдарынан бастап Көк Каспий теңізіне дейін, кең даламыздың Тянь-Шань тау сілемдерінде де өмір сүретін отандастарымызбен бірге орындады. Ертістің алыс солтүстік салаларынан Қазақстанның оңтүстік шекараларына дейінгі қалқыған әрбір нота дауысы бірлікке, ынтымаққа және өз Отанына деген адалдыққа шақыру сияқты естілді.
Бұл күнгі өткізілген іс-шаралардың барысы студенттердің ұлттық костюмдер киіп жүрген мәдени шеруімен жарасымын тапты.
Ең белсенді қатысушылар ректордың қолынан естелік грамоталар алды. Олар: Оразкенов Әмірхан, Серік Әсем мен Қарабаева Гүлнұр.
Іс-шаралар барлық қатысушыларға жарқын әсер қалдырып, жылы және мерекелік атмосферада өтті. Бұл күн патриоттық сөздермен және өркендеу тілектерімен, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірлігі үшін мақтанышпен аяқталды.
Атаулы мереке республиканың барлық азаматтары үшін ұлттық құндылықтар мен ортақ болашақтың маңыздылығын тағы бір еске салды.
Барша қазақстандықтарды келе жатқан ұлттық мереке — Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге ынтымақ пен бірлік, бақыт, денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейміз!
Біздің әрқайсымыз республикамыздың өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз, сонда Егемен Қазақстан барлық ұрпақ үшін еркіндіктің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айнала отырып, өсіп, нығая береді!