Құрметті достар!
Сіздердің назарларыңызға “ЛиМоНаД” студенттік газетінің 2020 жылғы қорытынды нөмірін ұсынамыз.
Бұл нөмірде біз бүкіл әлем үшін күрделі болған жылдың қорытындысын шығарамыз.
16 наурыздан бастап Қазақстан Республикасында ТЖ режимі енгізілді және білім беру қашықтық режиміне ауыстырылды. Ия, қиындықтар болды, бірақ бәріміз бірге оларды жеңіп келеміз. Академияда жаңа серверлер, қосымша техника, бағдарламалық қамтамасыз ету жабдықтары сатып алынды, оқыту процесін үздіксіз жүргізу үшін барлық шаралар қабылданды. Қашықтықтан оқыту жағдайында біздің түлектер дипломдар мен диссертацияларды қорғады, мемлекеттік емтихандарды тапсырды. Біз online режимінде конференцияларға, конкурстарға қатыстық, жүлделі орындарға ие болдық, наградалар алдық. Біздің барлығымыздың ақпараттық мәдениетіміз бірнеше есе өсті, өйткені уақыт шындығына бейімделу қажет болды. Және #МЫВМЕСТЕ # БІЗБЕРГЕМІЗ антын ұстап өз жолымызды жалғастырудамыз. Дәл осы екі хештэг қазіргі қиын кезеңде әрбір қазақстандық пен біз үшін түйінді болып табылды.
Біздің нөміріміз осы және басқа да оқиғалар туралы айтады.
Газетті оқуға асығыңыздар!
Дереккөз: https://yadi.sk/i/_LfuhCRgv-AiMw
Дереккөз: https://yadi.sk/d/yTqABhLTKENrAg?w=1