
2025 жылғы 5 желтоқсанда Академиямыздың сүйікті «Личность плюс» психологиялық клубы «Bolashaq» Академиясының әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттері мен магистранттарын, сондай-ақ әр жылдардағы түлектерін құшақ жая қарсы алды.


Тема, которая объединила нас на сегодняшней встрече — «Студенческие инициативы экспериментального анализа: исследовательский опыт выпускников»

Психологиялық «Личность плюс» клубының президенті Хусаинова София «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының түлектері орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстары студенттерге ойлаудың дивергенттілігін көрсетуге, ғылыми ізденіске белсенді қатысуға, эмпирикалық деректерді интерпретациялауда бастамашылдық танытуға, өзіндік зерттеушілік қолтаңбасын қалыптастыруға, сондай-ақ жеке тұлғаның гетеростазиялық табиғатын терең түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.


Сол себепті түлектер өздері зерттеу тақырыптарын және оны қорғау тактикасын таңдады:
1. Хусаинова София (ПиП-22-1 тобының студенті)
«Бақылау локусы – жоғары сынып оқушыларының ішкі әлемінің айнасы»


2. Федяева Татьяна (Академия түлегі)
«Қазіргі заман педагогының кәсіби қызметінің құндылықтық детерминациясы»


3. Керимова Елизавета (ПиП-22-1 тобының студенті)
«Отбасылық тұлғаралық қатынастардағы доминантты «міндетті модельдерді» зерттеу»


4. Нуршинова Дарья (ПиП білім беру бағдарламасының 4-курс студенті)
«Болашақ отбасы және некелік қатынастарды құруда нақты және күтілетін қабылданымдық көріністерді экстраполяциялау»


Біздің сүйікті «Личность Плюс» психологиялық клубындағы кездесулер психологиялық ғылымның тұлғалық дамуға жол ашып, болашақ мамандардың кәсіби әлемдік бейнесін қалыптастыруда сенімді дереккөз бола алатынын дәлелдейді.

