17 қыркүйекте Қарағанды облысында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен латын әліпбиінде жалпы облыстық диктант өтті.
“Bolashaq” академиясының студенттері оны жазуға белсене қатысты. Диктант мәтіні бәсекеге қабілеттілік тақырыбына қатысты. Диктант жазудағы конкурстық элемент жоқ: қарағандылықтарға қазақ тілінің жаңа әліпбиін білуін тексеру ұсынылады.