2025 жылғы 7 сәуірде Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К.С. Фм-24-2 топ студенттерімен «Есірткісіз әлем» атты кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатқа Шащанова Р.Б., Сиволобова О.А қатысты.

Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты:
1.Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.
2.Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.
3.Студенттердің бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Күн тәртібінде талқыланған мәселе бойынша аға оқытушысы Темиреева К.С. есірткінің зияны, денсаулыққа қатері, яғни есірткі жүйке жүйесін бұзатындығы, жүрек ауруларын тудыратындығы және иммунитетті әлсірететіндігі туралы айтып өтті.. Өкпе, бауыр және бүйрекке зақым келтіреді. Адам ағзасының қартаюын тездетеді және өмір сүру ұзақтығын қысқартады және психикалық зиян келтіреді, яғни есірткі ақыл-ойды бұзады, депрессияға, үрейге және психозға әкеледі. Есірткіге тәуелділік адамды өзіне және қоғамға қауіпті етеді. Өз-өзіне қол жұмсау қаупін арттырады. Есірткінің денсаулыққа тигізетін қатері өте жоғары. Олардың құрамындағы химиялық заттар ағзаның барлық жүйелерін зақымдайды. Оқытушы есірткіні тұрақты түрде қолдану өлімге әкелуі мүмкін екенін түсіндіріп,зиянды нәрселерден аулақ болуға шақырды.
Іс-шара барысында Фм-24-2 топ студенттері Аманжол Асылжан, Ермаханов Ернұрым өз ой-пікірлерін білдіріп: » Әр ел есірткіге қарсы күресте әртүрлі тәсілдерді қолданады. Кейбір елдер қатаң саясатты ұстанса, басқалары зиянды азайту бағдарламаларын енгізеді. Мысалы: Швеция елінде есірткіге қарсы қатаң саясат және емдеу бағдарламалары жүзеге асқан, Нидерланды елінде есірткінің кейбір түрлерін заңдастыру және зиянын азайту бағдарламалары енгізілген. Сингапурде болса есірткі саудасы үшін өлім жазасы кесіледі. Халықаралық тәжірибе алмасу есірткіге қарсы күресте тиімді стратегияларды анықтауға көмектеседі», деп айта кетті.


Қорытынды сөз: Есірткіге қарсы күрес – бұл әрбір адамның жауапкершілігі. Біз бірлесе жұмыс істеу арқылы есірткісіз әлем құра аламыз. Өзімізді, отбасымызды және қоғамымызды есірткіден қорғайық. Болашақ ұрпаққа салауатты өмір сыйлайық. Бұл өткізіліп отырған кураторлық сағатымыз сіздерді есірткіге қарсы күресте белсенді болуға шақырады. Есірткінің зияны туралы ақпарат таратайық, тәуелді адамдарға көмектесіңіз және есірткіге қарсы іс-шараларға қатысыңыз. Біздің күшіміз – бірлікте!