2022 жылғы 11 сәуірде кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Академия оқытушылары Шахтинск қ., Шахан, Долинка, Новодолинка кентінің 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Мамандық таңдау мәселесі жоғары сынып оқушыларының әрдайым алдында тұрады, ал қазір ол біздің қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты өзекті болып отыр.
Оқытушылар біздің ЖОО-ның негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынды. Кездесу барысында жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Оқушылар біздің академияға қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 12 мектеп: №1 мектеп-гимназия, №2 ЖББМ, №3 ЖББМ, №4 ЖББМ, №5 мектеп-гимназия, №6 ЖББМ, №7 ЖББМ, №8 ЖББМ, №9 ЖББМ, №11 ЖББМ, №12 ЖББМ-ның, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей-дің 216 мектеп бітіруші оқушылары ЖОО-дағы академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, халықаралық конференцияларға, конкурстарға қатысу, жеңілдіктер, стипендиялар және оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі туралы ақпарат алды.