2024 жылғы 12 сәуірде Педагогика кафедрасының оқытушылары Шалтаева Р. Ж., Жанысбаева Р.М., сондай -ақ ДОВ 20-2 тобының студенттері Әбіш Толғанай, Бөкен А., кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Қарағанды қаласының “Айгөлек” бөбекжайы КМҚК педагогтар ұжымымен кездесу өткізді.
Осы мектепке дейінгі ұйыммен “Bolashaq” Академиясы 2014 жылдан бастап ынтымақтасады, әрбір оқу жылы келесі оқу жылына арналған бірлескен жұмыс жоспарын бекітуден басталады, практикалық сабақтар филиал базасына шығарылады. Балабақша директоры Бегназарова Айгүл Аманжолқызы, әдіскер Борамбаева Гүлнар Аралбайқызы және педагогтар ұжымы студенттерімізді мерекелер, педагогикалық кеңестер, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен тренингтер сияқты бірлескен іс-шараларға қатысуға шақырады.
Кафедра оқытушылары мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне “Bolashaq” Академиясының білім беру бағдарламалары туралы тың мәліметтер берді. Оларға “Bolashaq” Академиясының Ғылым және білім саласындағы жетістіктері, “Bolashaq” Академиясының жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруы, сондай-ақ дуальды білім беруді жүзеге асыруы туралы толық ақпарат берілді.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына түзетулер дайындаған Ғылым және жоғары білім министрлігі енгізген өзгерістер туралы мәселелер талқыланды.
“Педагогика” кафедрасының оқытушылары
п.ғ.к., доцент Шалтаева Р. Ж., п.ғ.м., аға оқытушы Жанысбаева Р. М.