Кәсіби бағдар – табысты болашақтың кепілі!

2025 жылдың 18 қыркүйегінде “Педагогика” кафедрасының аға оқытушысы Мекадилова С.К. Приозерск қаласының №1 жалпы білім беретін және № 2 жалпы білім беретін мектептерінде кәсіби бағдар беру бойынша іс-шара өткізді.


Шара барысында 11-сынып оқушыларына Академияда жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау талаптары, құжат тапсыру тәртібі мен жеңілдіктер туралы толық ақпарат ұсынылды.


Кездесуде оқу барысы, практикалық сабақтар және Академиядағы студенттік өмір жайлы мәліметтер берілді.


Сонымен қатар, Академияның халықаралық бағдарламалар мен серіктестік байланыстар арқылы студенттердің білім сапасын арттыруға бағытталған кең мүмкіндіктері де баяндалды.


Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандыққа дұрыс бағыт алуға және жоғары оқу орнын саналы түрде таңдауға үлкен септігін тигізеді.
Мақсат – талапкерлерге саналы түрде мамандық пен оқу орнын таңдауға көмектесу!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.