2022 жылдың 12 қазанында «Bolashaq» академиясы №17 жалпы орта білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Жұмысты фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы Адалбекова Б.О., қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Смагулова М.С. және шетел ғылымдары кафедрасының профессоры Оразғалиева Г.Ш. өткізді. Кафедра оқытушылары академияға түсу, төлемақы, барлық мамандықтар және бейіндік пәндер туралы ақпарат берді. Орыс және қазақ бөлімдерінің 11-сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға академияның азық-түлікпен де материалдық көмек көрсететіндігі, түрлі спорттық іс-шараларға, ғылыми конференцияларға және түрлі жарыстарға қатысатын студенттерге қолдау көрсетілетіндігі туралы мәлімет берілді. Мұғалімдер студенттер үйі,студенттердің тұрмыстық жағдайына қолайлы жағдай жасалатыны туралы да айтып өтті. Жұмыс соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
You may also like
«Bolashaq» Академиясының 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім […]
2021 жылғы 3 желтоқсанда сағат 15.00-де “Bolashaq” академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жетілдіру перспективалары” атты дәстүрлі […]
06.09.2024 ж. ПМНО-24-2, ПМНО-23-2, ПМНО-22-2, ПМНО-21-2, ПиП-22-2 күндізгі топ студенттеріне Отбасы күнін мерекелеуге арналған аптаның «Мықты отбасы – мықты мемлекет» атты кураторлық […]