ІІО әкімшілік қызметінің өзекті мәселелері» халықаралық дөңгелек үстел өтті.

2025 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы «ІІО әкімшілік қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Ресей ІІМ Орал және Уфа заң институттарының, ҚР ІІМ Қостанай және Алматы Академиясының, ҚР ІІМ Ақтөбе институтының әріптестері, сондай-ақ Қарағанды қ.Михайловка ПБ практикалық қызметкерлері қатысты. Спикерлер ІІО қызметкерлерінің әкімшілік қызметінің өзекті мәселелерін атап өтті.

Дөңгелек үстел жұмысында құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Әсел Қасенқызы Ахметова «ІІО әкімшілік қызметінің мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндама ішкі істер органдарының практикалық қызметкерлерінің қызығушылығын тудырды және баяндамашының ұсыныстары дөңгелек үстелдің ұсыныстарында көрсетілген.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.