10 желтоқсанда “Bolashaq” академиясының Гуманитарлық педагогика орталығы онлайн-форматта (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы) Ресей халықтар достығы университетімен (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) бірлесіп “ХХІ ғасырдағы көпмәдениетті білім берудің өзекті мәселелері”атты кезекті халықаралық ғылыми – әдістемелік семинар өткізді.
“Bolashaq” академиясының Гуманитарлық педагогика орталығының шақыруымен ғылыми-әдістемелік семинарға Қарағанды техникалық университетінің және Қарағанды индустриалдық университетінің оқытушылары қатысты.
РХДУ орыс тілі кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор В. Б.Куриленконың, “Bolashaq” академиясының Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры э. ғ. к., доцент Г.А.Қадырованың, гуманистік педагогика орталығының директоры п.ғ.к., доцент Г.К.Бокижанованың құттықтау сөзінен кейін п.ғ.к., доцент Ю.Н. Гостеваның, п.ғ.к., доцент Р.А.Арзуманованың, п.ғ.к., доцент И.В. Тележконың, (Мәскеу қ., Ресей халықтар достығы университеті), фил. ғ.к, профессор С. А. Диканбаеваның, ( Қарағанды қ., “Bolashaq” академиясы), п. ғ. к., доцент А. Б. Насырованың, филология ғылымдарының магистрі А.Б. Кабанованың, филология ғылымдарының магистрі А.М. Шарипованың (Қарағанды қ., Қарағанды техникалық университеті), аға оқытушы М.М. Салпенованың (Теміртау қ., Қарағанды индустриялық университеті) баяндамалары ұсынылды.
Айтылған баяндамалар ғылыми қызығушылық тудырып, ғылыми-әдістемелікелік семинарға қатысушылар тарапынан шығармашылық нәтижелі пікірталас тудырды .
Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайта отырып, Қазақстан мен Ресейдің озық білім беру практикаларымен алмасу алаңына айналды.