2024 жылғы 14-16 қарашада Алматы қаласында “ОнкоРенессанс-2024. Күзгі сессия” Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Бір диалог алаңында онколог дәрігерлерді, ғалымдарды, химиотерапевттерді, хирургтарды, рентгенологтарды және еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас мамандарды біріктірген іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының онкологтар қауымдастығы және Қазақ онкология және радиология ҒЗИ медициналық онкологтар мектебі болып табылады.


Бағдарламаға онкологиялық көмек көрсетудің өзекті тақырыптары енгізілді:
Конференция сессиялары аясында алғаш рет “ОнкоРенессанс-2024.Күзгі сессия ” онкология және радиология саласындағы зерттеулермен айналысатын Қазақстан Республикасының жас ғалымдарының байқауы өтті.
Конференцияда қарастырылған тақырыптар:
-онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау;
-АПВ-мен байланысты онкологиялық ауруларды емдеу мәселелері;
-сәулелік және визуалды диагностика;
-сәулелік терапияның жоғары технологиялық әдістері-ядролық медицина және тераностика;
-дербестендірілген дәрілік терапия (мақсатты терапия);
-патоморфология және молекулалық генетика;
-сүйектер мен жұмсақ тіндердің саркомалары, бас және мойын ісіктері, гинекологиялық қатерлі ісік, асқазан-ішек жолдарының ісіктері, гепатобилиарлы аймақ саласындағы емдеудің заманауи жетістіктері;
-қатерлі ісіктердің дамуы мен эволюциясындағы ғылыми жаңалықтар;
-ісікке қарсы дәрілік терапияны басқару.



Сонымен қатар, қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеуде қолданылатын заманауи медициналық технологиялар, химиотерапиядағы басқару принциптері және қатерлі ісіктердің дамуы мен эволюциясындағы ғылыми жаңалықтар ұсынылды.