19 сәуір 2024 жылы Павлодар қаласы С.Торайғыров университетінде Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «XXIV СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып, конференцияның салтанатты ашылуы университет алаңында өтті. Ғылыми конференцияға мектеп оқушылары, студенттер, магистранттар, жас ғалымдар қатысты.
Шараның ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, ҚР ҰҒА президентінің м.а., с. ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Серік Сейдуманов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондентмүшесі Алтынбек Нухұлы, ҚР ҒЖБМ ҒК, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының бас директоры, б.ғ.д. профессор, ҚР ҰҒА академигі Кабыл Жамбакин және академик Қаныш Сәтбаевтың немересі, х.ғ.д., профессор Алима Жармағамбетова құттықтау сөз сөйледі.
Сәтбаев оқулары тек ғылыми конференция емес. Бұл жаңа идеялар мен жаңалықтардың бастауы. Дәл осы жерде біздің сайтта алғаш рет көптеген ғылыми әзірлемелер ұсынылды, олар кейіннен практикалық қолданысқа түсері анық. Біздің оқуларға қатысушылар арасында қоғам мәселелерін шешуде ғылыми көзқарасты қолданатын жастармен оқушылардың саны артып келе жатқаны қуантады. Жиырма төртінші Сәтбаев оқуларына қатысушылар арасында бірегей жобаларды ұсынатын балалар бар, – деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Осы аталған конференцияға Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К.С. жетекшілігімен, «Bolashaq» Академиясы 6В10101 Фармация біілім беру бағдарламасының ФМ-19-2 тобының 5 курс студенті Асанова Гулшат, «Цефалоспориндер тобына жататын антибиотиктердің салыстырмалы терапевтикалық тиімділігіне баға беру» ,тақырыбында мақаласын қорғап, жоғарғы нәтижеге қол жеткізгені үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.