Халықаралық ғылыми байланыс өз жалғасын табуда!

2025 жылдың 5 қарашасында «Bolashaq» Академиясында Томск мемлекеттік университеті мен Сібір мемлекеттік медицина университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Анастасия Владимировна Кабачкованың «Состояние микробиоты кишечника у детей младшего школьного возраста с разным уровнем двигательной активности» тақырыбында ашық қонақ дәрісі өтті.

Профессор микробиотаның рөлі туралы заманауи ғылыми деректерді ұсынды және жүйелі түрде дене белсенділігі пайдалы Akkermansia muciniphila мен Faecalibacterium бактерияларының мөлшерін арттырып, иммунитетті күшейтетіні мен қабыну үдерістерін төмендететінін атап өтті.

Дәрістен кейін фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен «сұрақ–жауап» форматында пікірталас өтті.
Анастасия Владимировна қалыпты физиология, психофизиология және емдік дене шынықтыру салаларындағы ғылыми-зерттеу тәжірибесімен бөлісті.

Профессор мен кафедра ұжымының кездесуден алған әсерлері өзара жағымды болды. Ортақ ғылыми мүдделер табылып, ғылым, білім және тәжірибе алмасу саласында бірлескен ынтымақтастықтың болашақ бағыттары айқындалды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.