Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жаңа киберқауіп
туралы ескертеді.
Шетелдік ақпарат көздеріне сүйенсек (https://www.microsoft.com/en-us/security/blog/2025/10/09/investigating-targeted-payroll-pirate-attacks-affecting-us-universities/ , https://www.securitylab.ru/news/564485.php?utm , https://cisoclub.ru/hakerov-podozrevajut-v-atakah-na-universitety-ssha-s-celju-hishhenija-zarplat-sotrudnikov/) бірқатар кибершабуылдар нәтижесінде АҚШтың 25 оқу орнындағы 6000 астам мұғалім зардап шекті.
Интернет – алаяқтар төлем деректемелеріне қол жеткізіп, оларды өздерінің банк шоттарына аудару арқылы, қаражаттарды ұрлаған.
Алаяқтықтың бұл түрі басқа елдерге бейімделуі мүмкін.
Жоғарыда көрсетілгендерді ескере отырып,
киберқылмыскерлердің құрбаны болмау үшін келесі ұсынылады:
- күмәнді сілтемелерге өтпеуді немесе күмәнді электрондық хаттардың
тіркемелерін ашпауды; - күрделі құпия сөздерді және екі факторлы аутентификацияны
пайдалануды.
Сіздің негізгі қорғанысыңыз — сақтық пен киберқауіпсіздік ережелерін сақтау!