дК, дКР-23-1к топтарымен КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫСЫ

Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқитын дК, дКР-23-1к топтары қараша айының 10-14 аралығында  Академияға келіп, өз мамандықтары және Педагогика, Психология пәндері бойынша тест тапсырып, білімдерін шыңдады.  Осы күндері топ кураторы  Б.А.Абылбаева   тәрбиелік жұмыстармен қатар кәсіби бағдар беру жұмысын да   ұйымдастырды.  Қашықтықтан оқитын 3 жылдық білім беру бағдарламасындағы студенттердің көбі мектепте, яғни  Теміртау, Саран, Абай, Шахан қалалары мен Жаңаарқа, Қарқаралы, Бұқар жырау аудандарында, сонымен қатар Павлодар, Ұлытау, Ақмола облыстарында   ұстаздық қызмет етіп жүргендер. Сондықтан кездесуде кәсіби бағдар беру жұмысы кең ауқымды өтті.

   Кездесуге  қабылдау комиссиясының хатшысы А.Б.Қосманова қатысып студенттерге республикамыздағы мамандықтарға деген сұраныс деңгейі және оның академия миссиясында үнемі ескеріліп отыратыны, академия түлектерінің мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді. дК, дКР-23-1к тобының студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауап, мол ақпарат ала алды.

Топ кураторы әр студентке өзі қызмет ететін мектебінен Академияға түлектерді тарту барысында жүргізілетін жұмыстарды түсіндіріп, бірлесе жұмыс атқаруды ұсынды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.