2024 жылғы 28 қазанда “Педагогика” кафедрасының эдвайзерлері С.С. Шутенова мен А.М. Тәжинин “Педагогика және психология”, “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламаларының студенттерімен “Діни экстремизм және терроризм Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп ретінде” тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағат барысында студенттермен діни экстремизм мен терроризм мәселесі туралы әңгіме жүргізілді. Бүгінгі таңда Экстремизм мен Терроризм қазіргі әлемдегі ең үлкен қауіптердің бірі болып табылады. Экстремизм-бұл экстремалды көзқарастарға, әсіресе шараларға деген міндеттеме. Ал “діни” сөзі қандай да бір дінді ұстануды білдіреді.
Сондай-ақ, ПиП-22-1 тобының студенттері кураторлық сағат тақырыбы бойынша сөз сөйледі, олар діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстан Республикасы үшін қауіптілігі туралы және жастарды осы құбылыстан қалай сақтау керектігі туралы айтты.