Оқу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясымен академиялық ұтқырлық туралы келісім шеңберінде тәжірибе алмасу үшін 2020 жылғы 27 қарашада “Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы” пәні бойынша 208 оқу тобының курсанттары үшін “төңкерілген аудитория”оқу сабақтарын өткізу әдісін пайдалана отырып сабақ өткізді.
Тақырып бойынша “Әдеттегі құқық көздері. Билердің сот тәжірибесі ” сабағын:онлайн режимінде Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының жалпы құқықтық пәндер кафедрасының доценті ф.ғ. к., з. ғ. м. А.А.Бейсеев жүргізді.
Академиялық ұтқырлық туралы келісім аясында сабаққа “Bolashak” Академиясының заң пәндері кафедрасының доценті, заң ғылымдарының магистрі С. А. Кенжина қатысты
ІІМ Қарағанды академиясының 2019-2024 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасы әлемдік білім беру практикасында сынақтан өткен және өзінің тиімділігін растаған оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін оқу процесіне енгізуді көздейді. Оқытудың жаңа әдістеріне сабақты өткізудің әлемдік тәжірибеде танымал “төңкерілген аудитория” нысаны – оқытушы мен курсанттар арасындағы өзара қарым-қатынастың диалогтық, шығармашылық форматы жатады, ол жоғары зияткерлік белсенділігімен, академиялық дербестігімен және курсанттардың жауапкершілігімен сипатталады.
Сабақ бірнеше кезеңнен тұрды және курсанттарға ойын рөлдері ұсынылды:
сарапшы-курсанттар Болотова Әйгерім, Тасқожа Гүлбақыт, спикер-Ким Анастасия және бірлескен жүргізуші-Бақытжан Ұлжан.
1 кезең (тарту) 5-7 мин.
- Сабақ тақырыбы айтылады (бірге жүргізуші Бақытжан Ұлжан ).
- Курсанттар (сарапшы курсанттар Тасқожа Гүлбақыт, Болатова Әйгерім) меңгерілген өз білімдеріне сүйене отырып, сабақ барысында зерделенетін мәселелер мен сауалдар туралы болжам жасайды.
- Қойылған сұрақтар мен мүмкін болатын жауаптар негізінде курсанттар сабақтың мақсатын тұжырымдайды: “Әдеттегі құқық деген не екенін түсіну”, “әдеттегі құқықтың пайда болу себептері және оның дереккөздерінің сипаттамасы”.
2 кезең (теория) 5-7 мин.
- Теориямен қысқаша түрде танысады (А. Кимнің презентациясы)
3 кезең (қолдану) 15 мин.
- Курсанттар спикер А. Кимге сұрақтар қояды (сарапшылар Г.Тасқожа, А. Болатова қажет болған жағдайда сұрақтарға жауап береді).
Бақытжан Ұлжан қорытынды жасап шығады.
Сабақ барысында курсанттар ұсынылған жағдайларда өз бетінше жұмыс істей білетіндіктерін көрсетті, сарапшы – курсанттар Болатова Айгерим, Тасқожа Гүлбақыт, спикер – Ким Анастасия және бірлескен жүргізуші – Бақытжан Ұлжан рөлдерін сәтті орындады. Қазақтың әдеттегі құқығының сот төрелігі жүйесіне және оның дереккөздеріне арналған сабақ тақырыбын өз бетінше зерделеу өзекті презентациялық материал әзірлеуге мүмкіндік берді. Сабақ интерактивті түрде өтті, курсанттар өз мысалында қазіргі заман жағдайында дамудың, өзін-өзі оқытудың, басқаларды оқытудың, белсенді және бастамашыл болудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Осылайша, “төңкерілген аудитория” әдісі бойынша сабақ өткізу білім алушыларды кәсіби өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыруға ықпал етті.
Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.
Заң пәндері кафедрасының доценті Кенжина С. А.