📅 2025 жылғы 12 сәуірде «Bolashaq» Академиясының дебат-клубының қатысушылары Қарағанды қаласында өткен «Buketov CUP – 2025» республикалық дебат турниріне қатысты.

💥 Logic & Lace Командасы:
1️⃣ Болатбек Аяулым
2️⃣ Аманжол Асылжан
Жастар лигасында балалар маңызды тақырыптарды көтерді, өз ойларын еркін білдірді және тамаша шешендік қабілеттерін көрсетті.
🧠 Турнир тақырыбы:
90-шы жылдар: Кеңес Одағының ыдырауы, экономикалық дағдарыс, саяси тұрақсыздық және жастардың жаңа өмірге деген ұмтылысы.

📍 Қатысушылар осы тарихи кезеңнің маңыздылығын, қоғамдағы өзгерістерді және оқиғалардың Қарағанды қаласының дамуына әсерін жан-жақты талқылады.
🔹 Форматы: Британдық парламенттік
🔹 Командалар саны: 24
💬 Турнир жастардың ой-өрісін кеңейтуге, пікір алмасуға және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға тамаша мүмкіндік болды!
👥 Делегация басшысы – «Bolashaq» Республикасының Президенті: Кадрин Т.Б.