«Bolashaq» Қарағанды жоғары колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің студенттерімен кездесу

2025 жылғы 12 маусымда Академия оқытушылары – педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының доценті Шалтаева Р.Ж. және педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Арунова Ж. А. — «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледжінің «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің бітіруші курс студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Кездесу аясында Академия өкілдері педагогикалық бағыттарда оқытудың ерекшеліктері, оқуға түсу шарттары, Академияда іске асырылатын білім беру бағдарламалары, сондай-ақ студенттерге берілетін жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Болашақ педагогтардың кәсіби даму мәселелеріне, жұмысқа орналасу перспективаларына, сондай-ақ студенттерді академиялық және әлеуметтік қолдау шарттарына ерекше назар аударылды. Колледж түлектері белсенді қызығушылық танытты: олар оқыту формалары, ғылыми және сабақтан тыс жұмыстарға қатысу мүмкіндіктері, қол жетімді стипендиялар мен алмасу бағдарламалары туралы сұрақтар қойды.

Мұндай кездесулер кәсіби жолды саналы түрде таңдауға ықпал етеді және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.