“Bolashaq”Академиясының жасөспірімдері арасында гір спорты бойынша турнир

12 қарашада “Bolashaq” Академиясының спорт залында, өздерінің спорттық дағдыларын көрсетуге талпынған академия жастары арасында, гір спорты бойынша жарыс өтті. Іс-шараны ЖІК-нің Студенттік өзін-өзі басқару органы ұйымдастырды және өткізді.

Турнир ептілігімен, күштілігімен жарысқа түсіп, бағын сынап көргісі келетін барлық жастардың басын қосты. Жарыс жылы және достық атмосферада өтті, онда әр қатысушы ең жақсы нәтиже көрсетуге тырысты. Ойыншылар табандылық, жеңіске деген ұмтылыс және спортқа деген шынайы құмарлықты көрсетті.

Спорттық жарыс барлығы үшін нағыз мереке болды. Қатал, бірақ әділ судья, ЖББ кафедрасының дене шынықтыру жөніндегі аға оқытушысы Данияр Дәулетбайұлы Мұқышев жарыстың барысын мұқият қадағалап, жарысып жатқан жас спортшыларды жігерлендіру үшін барын салды.

Турнирге қатысқандар студенттер арасында ортақ бірлік, ынтымақтық сезімі нығайды.

Турнир соңында ең мықтылары анықталды, олар қолдауға және қошеметке ие болды. Қорытындысы бойынша үш жеңісті орынды көрсетілген салмақ дәрежесінде келесі сайыскерлер жеңіп алды:

  • 70 келіге дейінгі салмақта – Арыслан Қадыржан, К-24-1;
  • 80 кг – ға дейінгі салмақта – Хинцицкий Иван, Ю-21-1;
  • 86 келіге дейінгі салмақта – Оразкенов Әмірхан, Ю-21-1.

Барлық спортшыларға – спорттық жетістіктерде де, оқуда да табыс тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.