«Bolashaq» Академиясының студенті университет аккредитациясына қатысты!

2025 жылдың 24-25 ақпан аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика, педагогика, заң факультеттерінің 8 білім беру бағдарламасы аккредитациядан өтті.

Осы аккредитация коммиссиясының мүшесі ретінде Құқықтану мамандығының студенті Кадрин Тілеген Берекеұлы қатысты! Ол өзінің комиссиялық міндетін белсенді, ұқыпты атқара білді!

Аккредиттеуді Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі (IQAA) жүргізді. Комиссия құрамына шетелдік және ұлттық сарапшылар, Қазақстан Республикасының жұмыс берушілері мен студенттері кірді. Аккредиттеу аясында сарапшылар университет әкімшілігімен, профессорлық-оқытушылық құрамымен, білім алушылармен, түлектермен және аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының жұмыс берушілерімен кездесіп, факультеттердің материалдық-техникалық базасымен танысты, дәріс мен практикалық сабақтарға қатысып, тәжірибе базаларына барды.

Университет басшылығы аккредиттеу рәсіміне қатысқан барлық студенттерге, оқытушыларға, түлектерге және жұмыс берушілерге, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына және қызметкерлерге алғысын білдірді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.