«Bolashaq» Академиясының ректоры «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасымен кездесуі

24 ақпанда «Bolashaq» Академиясының ректоры Қуанышбек Буланович Аданов “Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация“ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Кездесу барысында ректор кафедра ұжымымен танысып, оқу жылының екінші семестріне қойылған негізгі мақсаттарды белгіледі және білім беру үдерісіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысына ерекше назар аударылды. Ректор талапкерлермен белсенді жұмыс жүргізудің, білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты кеңейтудің және академияға қызығушылықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Оқу бағдарламаларын насихаттау және дарынды студенттерді тарту стратегиялары қарастырылды.

Сонымен қатар, кафедра оқытушылары білім беру үдерісін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын білдірді. Ректор кездесуге қатысушылардың пікірлерін мұқият тыңдап, барлық ескертулер мен олқылықтарды назарға ала отырып, академияның дамуы үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.