«Bolashaq» Академиясының белсенді студенттері Шет өңірінде экскурсиясы

25 ақпан күні «Bolashaq» Академиясының студенттері Академияның негізін қалаған Жамбыл Сәулембекұлы Ақылбаев дүниеге келген Шет ауданына экскурсияға барды.

Іс-шара аясында студенттер Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясындағы «Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп мұражайымен» танысып, «Ұрпаққа үлгі – Жамбыл Ақылбаев жолы» дөңгелек үстел өткізіп, Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебінің 11 сынып оқушыларына «Біздің мүмкіндіктер – сіздің келешегіңіз» атты кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Бұл іс-шараларға мектеп директорлары Мыкышева Гүлбаршын Ермековна мен Бакаев Дат Бақтығалиұлы  қатысып, академик  Ж.С. Ақылбаев білім алғаны мектеп туралы мәлімет берді. Кәсіби бағдар беру барысында «Bolashaq» Академиясының ашылу тарихы туралы профессор Мұхаммедқали Ильясович сөз қозғап, аға оқытушы К.С. Темиреева талапкерлерді білім беру бағдарламаларының әр мамандық бойынша қабылдау ережелерімен таныстырды.

Іс-шара барысында «Bolashaq» Академиясының студенттері бейнеролик көрсетіп, академиядағы оқытудың дуальдік жүйесі, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық, студенттік өзін-өзі басқару, ғылыми және шығармашылық клубтар, сондай-ақ заманауи жабдықталған «Студенттер үйі» туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында «Bolashaq» Академиясы мен мектептер арасында меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, «Bolashaq» Академиясының оқытушылары мен студенттері Шет аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайына экскурсия жасап, мұражай директоры Салтанат Дартаевна Шет ауданының тарихымен, тарихи ескерткіштермен және көне жәдігерлермен таныстырды.

Профессор М.І. Әбдуовке, аға оқытушы К.С. Темирееваға және мектеп директорлары Г.Е. Мыкышева  ханым мен Д.Б. Бакаев мырзаға, музей директоры С.Д. Қамытбаеваға алғысымызды білдіреміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.