«Bolashaq» Академиясындағы ізгі дәстүр

«Bolashaq» Академиясында бірнеше жылдан бері ұжымдық рухты нығайтып, ерекше жылылық сыйлайтын игі дәстүр қалыптасқан. Жыл сайын күзгі жиын-терін науқанынан кейін Академия басшылығы профессор-оқытушылар құрамына және қызметкерлерге жаңа жиналған көкөніс өнімдерін үлестіреді.

Бұл дәстүр – академиялық қауымдастыққа көрсетілген қамқорлық пен құрметтің, ұстаздар мен қызметкерлердің еңбегіне деген алғыстың белгісі. Мұндай ықылас тек материалдық қолдау ғана емес, сонымен бірге әрбір қызметкердің үлкен әрі тату «Bolashaq» отбасының ажырамас бөлігі екенін дәлелдейді.

Академия ұжымы бұл дәстүрді әрдайым ыстық ықыласпен қабылдайды. Ол корпоративтік рухты нығайтып қана қоймай, өзара сыйластық пен қолдауға негізделген мейірімді орта қалыптастыруға септігін тигізеді.

«Bolashaq» Академиясы осындай дәстүрлердің сақталып, жалғасын тауып келе жатқанына мақтан тұтады. Бұл – бір-біріне құрметпен қарап, қамқорлық танытатын ортақ академиялық құндылықтардың айғағы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.