«Bolashaq» Академиясында профессор Молдияр Ергебековпен тағылымды кездесу өтті

2025 жылғы 18 қараша күні «Bolashaq» Академиясының қабырғасында ерекше іс‑шара ұйымдастырылды: философия докторы (PhD), Nazarbayev University (NU) қауымдастырылған профессоры, кинотанушы Молдияр Ергебековпен «Көшбасшы мәдениеті және дұрыс ақпарат» тақырыбындағы тағылымды кездесу өтті.

Кездесуге Академияның профессор‑оқытушылар құрамы мен студенттері кеңінен қатысты. Дәріс соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, пікір алмасты. Бұл сұхбат‑сессия көкейде жүрген көптеген сауалдарға жауап беріп, тыңдаушылардың кәсіби көзқарасын кеңейтуге әрі көшбасшылық қасиеттерін дамытуға септігін тигізді.

Іс‑шараның басты маңызы – білім мен ғылым ұстанымы арқылы жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыру, ақпараттық мәдениетті дамыту және жоғары оқу орнында кәсіби ізденісті жандандыру. «Bolashaq» Академиясы осындай ұйымдар арқылы халықаралық деңгейдегі байланыстарды кеңейтіп, жастарды әлемдік білім кеңістігіне жолдауда белсенді рөл атқаратындығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жаңа форматтағы кездесулер, сын‑тапсырмалар және шетелдік тәжірибе академияда тұрақты түрде ұйымдастырылып, ұжым мен студенттердің интеллектуалдық және адамгершілік дамуына бағытталғанын атап өту маңызды.

Кездесу барысында профессор Ергебеков тыңдаушыларына заманауи ақпараттық қоғамдағы көшбасшылық міндеттері, ақпараттық сауаттылық пен коммуникацияның маңызы, көшбасшы ретінде қалыптасудың өзіндік жолдары жайлы кең көлемде тәжірибелік және теориялық мәліметтер ұсынды. Нақтырақ айтқанда, баяндамада мына тақырыптарға назар аударылды:

  • «Көшбасшы деген кім?» – көшбасшылықтың мәні мен ерекшеліктері;
  • «Ақпарат дәуірінде көшбасшының басты капиталы не?» – деректермен жұмыс істеу, цифрлық мәдениет, жеке және қоғамдық жауапкершілік;
  • «Дұрыс ақпарат және көшбасшылық» – жалған ақпаратпен күрес, медиа сауаттылық, сын тұрғысынан ойлау қабілеті;
    Сонымен қатар, профессор заманауи коммуникациялық мәдениетке, цифрлық ортадағы үдерістерге, қоғамдық‑мәдени кодтарға және оларды дұрыс бағытта қолдануға қатысты практикалық кеңестер берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.