“Bolashaq” Академиясында химия және биология пәндері бойынша олимпиада өтті

2025 жылдың 14 ақпанында «Bolashaq» Академиясында “Фармацевтикалық пәндер” кафедрасының ұйымдастыруымен химия және биология пәндері бойынша Қарағанды облысының 11-сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы облыстық олимпиада өтті. Дәстүрлі олимпиадаға Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінен химия және биология пәндері бойынша өтінімдер қабылданды.

Олимпиаданың мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беруде және мамандық таңдауда қолдау көрсету, химия және биология саласында терең білімі бар дарынды оқушыларды анықтау.

Олимпиада нәтижесі бойынша
I, II және III орын иегерлеріне 100 пайыз, 50 пайыз және 25 пайыз гранттар мен сертификаттарды “ Bolashaq” академиясының ректоры- Қуанышбек Бұланұлы Аданов табыстады. Олимпиада нәтижесі бойынша көрсеткіштер:
Биология пәні бойынша (мемлекеттік тілде) жүлдегерлер:

1 орын – Бақыт Әділжан – Қарағанды қ., Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі.
2 орын – Төлеген Диана – Қарағанды қ., «Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (Ресурстық орталығы)» КММ.
3 орын – Аманбекова Айсана – Топар к., Топар ЖББМ.
3 орын – Салтанатұлы Алхам – Осакаровка к., «Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (Ресурстық орталығы)» КММ.

Биология пәні бойынша (орыс тілінде) жүлдегерлер:

1 орын – Смаилов Маулен – Қарағанды қ., КММ «Гимназия №97».
2 орын – Ступина Анна – Қарағанды қ., КММ «Школа-лицей №66».
3 орын – Фирсова Татьяна – Қарағанды қ., КММ «Григорий Потанин атындағы орта мектеп».

Химия пәні бойынша (мемлекеттік тілде) жүлдегерлер:

1 орын – Абдреш Рабия – Абай қ., «Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназия» КММ.
2 орын – Рахман Жадыра – Қарағанды қ., Ә. Бөкейхан атындағы ЖББМ.
3 орын – Жанболғанова Әсел – Теміртау қ., КММ Лицей «Озат».

Химия пәні бойынша (орыс тілінде) жүлдегерлер:

1 орын – Ибрайымова Ақнұр – Теміртау қ., КММ Лицей «Озат».
2 орын – Тиесова Адина – ТМ КММ (РО) Еламан Шаханов атындағы мектеп.
3 орын – Сәлім Еркебұлан – Қарағанды қ., КММ «Гимназия №97».

Олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.