“Білім күні” — студенттер, оқытушылар және Академия қонақтары үшін ерекше күн. Мереке ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Бұл — ұрпаққа өнеге болып қалатын тағзым сәті.



«Bolashaq» Академиясының ректоры Қуанышбек Бұланұлы Аданов жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім, ғылым мен еңбектің болашақтың берік іргетасы екенін атап өтті.

Іс-шара аясында мемлекеттік және өңірлік білім гранттарының иегерлері марапатталды. Бұл олардың таланты мен табандылығының айқын дәлелі болды.



Академияның бірінші курс студенттері салтанатты ант беріп, студент атағын адал алып жүруге, ұстаздарға құрмет көрсетуге және жаңа биіктерге ұмтылуға уәде етті.


Концерттік бағдарлама барысында орындалған музыкалық нөмірлер мерекеге ерекше әсер беріп, студенттерге шабыт сыйлады.


Жаңа оқу жылы — жаңа ашылымдар, білім мен жетістіктердің бастауы! «Bolashaq» Академиясы барша студенттер мен оқытушыларға шабыт, табандылық және жаңа белестер тілейді!