Бүгін «Bolashaq» Академиясында «Болашақ» Республикасының отырысы өтті.
Аталған жиынның басты мақсаты – белсенді студенттік қозғалысты қолдау, жастар арасындағы ынтымақтастық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ алдағы оқу жылындағы жоспарлар мен жобаларды нақтылау болды.
Кездесу барысында Академияның белсенді студенттері мен ұйым жетекшілері өзара пікір алмасып, студенттік бастамаларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын талқылады. Әр ұйым өздерінің өткен жылғы жұмыс нәтижелерін таныстырып, жаңа бағыттар мен мақсаттар бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Жиында студенттік ұйымдардың қызметін жандандыру, жастардың әлеуметтік және мәдени белсенділігін арттыру мәселелеріне баса назар аударылды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылына арналған жобалар мен бірлескен іс-шаралардың жоспары бекітіліп, алдағы уақытқа арналған нақты міндеттер айқындалды.
Отырыстың қорытындысында әр ұйымның жетекшілері сайланып, олар Академиядағы жастар саясатын дамытуға үлес қосуға ниет білдірді. Бұл жиын студенттер арасындағы байланыс пен бірлікті нығайтып қана қоймай, жаңа оқу жылындағы нәтижелі жұмыстың берік іргетасын қалады.
 
   
  


