«Білімнің жұлдызы» шәкіртақасы – «Dauletten» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдан бері білімді, талантты жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылуда.
Шәкіртақы тағайындау мақсаты – еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі.
«Білімнің жұлдызы – 2024» байқауына Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан шәкіртақы алуға ниетті 987 студенттен өтінім келіп түсті. Биылғы байқау колледж және ЖОО-ның тек ақылы бөлімінде оқитын студенттеріне арналды. Ең үздік 200 студент 100.000 теңге көлеміндегі бірреттік шәкіртақыға ие болды.
Ағымдағы жылдың 30-31 мамыр күндері Астана қаласында Республикалық I Білімнің жұлдызы жастар форумын өткізу жоспарлануда. Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары, министрлік өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысады. Форум аясында «Білімнің жұлдызы – 2024» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталады.
Ережеде «шәкіртақы» терминінің мағынасы байқаудың нәтижесінде жоғары ұпай жинаған үміткерлерге 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі тағайындалатын бір реттік ақшалай сыйақы.
“Bolashaq” Академиясынан жалғыз бір студент жеңімпаз атанды – ол Кадрин Тілеген, өте белсенді және дарынды жігіттердің бірі.
Куанышты хабар естігенен соң айтарымыз Тілеген жеңісін мол болсын осылай өзіңнің және академияның атақ абыройын шын белестерге көтере бер. Ақ жол саған тілейміз!