“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының оқытушысы ф.ғ.д., профессор М.Х.Хамзин К, КР-21-1 тобының студенттерімен Ә.Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай «Қан мен тер» трилогиясы бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық жолына талдау жүргізіліп, «Қан мен тер» трилогиясы талқыланды, өзектілігі әлі күнге дейін сақталған әдеби шығарманың көркемдік ерекшелігімен қоса, автордың әдебиетке қосқан үлесі қарастырылды. Дөңгелек үстел барысында студенттер “Қан мен тер” шығармасында баяндалған Қазақстанның әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты ашатын танымал жазушының шығармалары туралы пікір алмасты.
Ең бастысы, дөңгелек үстел барысында авторлық идеал, қаламгер қолтаңбасы, стильдік даралақ және кеңестік дәуірдегі қоғамдық әлеуметтік, саяси тарихи жағдаяттарға адам-қоғам-уақыт үш тағаны тұрғысынан баға беру кең түрде жүзеге асырылды.