«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаcының оқу (танымдық) іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы

«Педагогика» кафедрасының 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаcының  ПМНО-24-2,ПМНО-24-1  тобының 1 курс студенттері 20.01.2025-31.01.2025 аралығында Қарағанды қаласы №23 ЖББМ КММ-де 2 апталық оқу (танымдық) іс-тәжірибеден өтті.

6.02.2025 күні өткен қорытынды бекіту конференцияда студенттер есеп беру кезінде нәтижелері талқыланып, оқу процесіндегі жетістіктер мен қиындықтарды сараптау мақсатында өткізілді. Практика есебін қабылдау барысында төмендегідей жұмыс түрлері орындалды:

  • Конференцияның мақсаты мен міндеттері.
  • Практиканың жалпы сипаттамасы.
  • Іс-тәжірибенің өткізілу кезеңдері мен шарттары.
  • Практиканың басты әдістері мен тәсілдері.
  • Қолданылған оқу материалдары мен ресурстар.
  • Оқушылардың танымдық іс-тәжірибеге қатысуы, олардың тәжірибе барысында алған білімдері мен дағдылары.
  • Әрбір қатысушының жасаған жұмыстары мен нәтижелері.
  • Оқу процесінде кездескен қиындықтар мен оларды шешу жолдары.
  • Практиканың қорытындысы, оқушылардың білімін жетілдіру бағытында алынған нәтижелері.

Аталған топ студенттері практика есебін өте жоғары деңгейде қорғап шықты. Есеп беру барысында түрлі слайдтар, фотолар, сабақ жоспарлары үлгілерін, өздері өткізген тәрбие сағаттары мен сынып сағаттарының  көрнекіліктерін көрсетіп ортаға салды. Практика барысында студенттер біраз шыңдалғанын танытты.

Практиканың конференциясына кафедра меңгерушісі Абдрахманова Алуа Сабитовна, практикаға жетекшілік еткен аға оқытушылар Қосманова Арай Бейсенғазықызы мен Тажинин Азат Мырзабекович, академиямыздың практика бөлімінен Конысбаева Жумагүль Мейржановна өз ой-пікірлерімен бөлісіп, студенттерге әр-түрлі сұрақтар қойып ПМНО-24-2,ПМНО-24-1 топ студенттері талаптарға сай өте жақсы деңгейде қорғады деп бағалады.

Жалпы оқу (танымдық) іс-тәжірибе — бұл студенттердің білім алуда белсенді қатысуы мен тәжірибеге негізделген оқыту процесі болғандықтан, теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік берді және олардың жеке дағдыларын дамытуға септігін тигізді.

Соңында ПМНО-24-2,ПМНО-24-1 топтың студенттері кафедра меңгерушісіне, практика жетекшілеріне, №23 ЖББМ КММ директоры Балмуханова Дина Кошербайқызына  және мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.