Барлығына арналған қаржылық сауаттылық

2024 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасының халқы арасында “Қаржылық сауаттылықты арттыру” республикалық жобасы шеңберінде алғашқы кездесу өтті. Жоба бойынша сабақтар бір жұмыс аптасына есептелген.

Жобаны “Ұлы Дала” РҚБ – мен бірлесіп “Аманат” басқарушы саяси партиясы әзірледі; кездесуді “Ұлы Дала” қаржы сарапшысы – Мейірманов Асхат Әлиаскарұлы өткізді.

Бірінші күні ол тыңдаушыларға жоба және оның маңыздылығы туралы ақпарат беріп, бағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Іс-шараға барлық курстардың студенттері ғана емес, академияның профессорлық-оқытушылық құрамы да қатысты. Біз апталық курста қамтылатын алдағы тақырыптар туралы білдік.

Бағдарлама жеке және отбасылық бюджет, инвестициялар, банк өнімдері, салық жүйесінің негіздері және қаржылық алаяқтықтан қорғау сияқты тақырыптарды зерттеуді қоса алғанда, азаматтар арасындағы қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған.

Курс аясында қатысушылар сұрақтар қоя алады, практикалық жағдайларды талқылай алады және қаржылық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар ала алады. Лектор оқу барысында алған білім тыңдаушыларға өз қаржысын тиімді басқаруға және жеке экономика саласында негізделген шешімдер қабылдауға көмектесетінін атап өтті.

Жоба қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, бұл тақырыптың өзектілігін және қоғамдағы қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру қажеттілігін растайды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.