Бұзылыстардың жіктелуі. Арнайы психология әдістері

17 ақпанда Педагогика кафедрасының доценті Абдрахманова Алуа Сәбитқызының ашық сабағы өтті. Дәрістің тақырыбы: «Бұзылыстардың жіктелуі. Арнайы психология әдістері». Сабақ Дов-24-1с және Пип-24-1с топтарында өткізілді.
Тақырып педагогтардың өз жұмысында кездесетін өзекті мәселелерін — дамуында кемістігі немесе ауытқулары бар балалармен жұмыс істеуді қамтыды. Педагогтар көбінесе мұндай балалармен қалай және қандай әдістермен жұмыс істеу керектігін біле бермейді.

Дәріс барысында Алуа Сәбитқызы мүмкін болатын бұзылыстардың жіктелуін егжей-тегжейлі сипаттап, ең бастысы — ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың танымдық, эмоционалдық, коммуникативтік және басқа да жақтарын қандай әдістермен диагностикалауға және зерттеуге болатынын түсіндірді. Студенттер тек ақпарат тыңдап қана қоймай, практикалық жағдаяттарды (кейстерді) шешті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.