«Bolashaq» Академиясының «Қазіргі заманғы маңызды мәселелер» журналына мақала қабылдау ережелері жаңартылады.

Бұл туралы бүгін “Ғылым және халықаралық байланыс” басқармасының басшысы Б.Р.Хасенов таныстырды. Аталмыш іс-шараға Академияның ғылым саласына жауапты оқытушылары қатысты.


Мақалаға қойылатын негізгі талаптар:
- Көлемі: 4000–8000 сөз аралығында;
- Аннотация: 200–250 сөз көлемінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылады;
- Кілт сөздер: 5 сөз (үш тілде берілуі қажет).
Негізгі құрылым: Кіріспе – Әдістер – Нәтижелер және талқылау – Қорытынды
Қосымша бөлімдер: алғыс айту, қаржыландыру, мүдделер қақтығысы, автор үлесі, деректер қолжетімділігі
Әдебиеттер: APA 7 стилінде, кемінде 25 дерек, соның ішінде соңғы 5 жылдағы Scopus/WoS мақалаларынан кемінде 5 сілтеме болуы керек
Кестелер мен суреттер: міндетті түрде мәтінде көрсетіліп, нөмірленіп берілуі қажет.
Толық нұсқаулықпен журнал сайтынан танысуға болады.


Ғылыми қауымдастықты жаңа талаптарға сәйкес мақалаларын ұсынуға шақырамыз!