
2021 жылғы 17 наурызда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультеті ұйымдастырған “Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат стратегиясы” тақырыбындағы республикалық онлайн-дөңгелек үстеліне қауымдастырылған профессор, “ЖОО үздік оқытушысы-2020” грантының иегері Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызы қатысты.

.Дөңгелек үстел Microsoft Teams платформасында өткізілді, бұл сындарлы диалог алаңына айналды және ғалым-құқықтанушыларды, заңгер-практиктерді, мемлекеттік органдардың, түрлі мекемелердің өкілдерін, магистранттарды, докторанттарды, студенттерді және мүдделі тұлғаларды біріктірді.

Онлайн-дөңгелек үстел жұмысына жетекші ғалым-заңгерлер, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, докторанттар, магистранттар мен студенттер, оның ішінде біздің академияның МЗ-19-1 тобының магистранттары Е.Н. Шевченко мен Д.Баймышев те белсене қатысты.

Айтуған Жұмахметқызы «Шет мемлекеттердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

Бұл іс-шара жоғары теориялық және практикалық деңгейде, ынтымақтастық және шығармашылық ізденіс жағдайында өткізілді.
“”