2023 жылы 19 қазанда “Bolashaq” Академиясының студенттер үйінде Республика күніне арналған “Қазақстан Республикам – менің” атты ашық кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатты “Педагогика” кафедрасының аға оқытушылары Байбекова В.А., Мекадилова С.К. өткізді.



Кураторлық сағаттың мақсаты: Студенттерді өз Отанын сүйюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.