Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялауды жоспарлап отыр.

❗ Президенттің биылғы Жолдауы саяси реформалардың жаңа бағдарламасын және жақын арада жүзеге асырылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды жүзеге асыруға арналады. Республикалық телеарналар отырысты сағат 11:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді. Іс-шараны жедел түрде “БОРТ N1” телеграм-арнасы көрсетеді.