«Қазақстан халқының тілдер күні және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні»

01.12.2025 ж «Қазақстан халқының тілдер күні және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні» осы орайда  студенттер арасында зияткерлік ойын өтті.  Қазақстан халқының тілдер күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай студенттер арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тілдік білімдерін жетілдіру және Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімі мен ағартушылық саласына қосқан зор үлесін насихаттау.

Зияткерлік ойын барысында қатысушылар тіл, әдебиет, тарих салалары бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Студенттер белсенділік танытып, командалық жұмыс арқылы өзара ынтымақтастықта әрекет етті.

Аталған кураторлық сағатқа ПМНО-23-2 және ПМНО-22-2 топтарының студенттері қатысты. Танымдық әрі тәрбиелік мәні зор бұл шара студенттерге рухани серпіліс беріп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.