«Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» атты уағыз кеш

2025 жылдың 1 мамыры күні Әнет баба мешітінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» атты уағыз кеші ұйымдастырылды. Кешті филология ғылымдарының докторы Мұхаммадғали Ілиясұлы Әбдуов өткізді.

Ұлы ақынның мұраларындағы әбжад қолданысын аша келіп, оның маңызына сараптама жасады. Сөйтіп ақынның шығармаларын жаңа бір қырынан танытты. Мешіт басшылығы мен жиналған қауым ризашылығын білдірді. Наиб имам Бақдәулет арнайы Алғыс білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.