Ашық сабақ өткізілді

2025 жылғы 22 сәуірінде «Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Н.К. Касетова 1 курс студенттері, яғни К-24-1, К-24-1к,  КР-24-1к топтарында «Халық ауыз әдебиеті» пәнінен «Балалар фольклоры. Балалар фольклорындағы рухани-адамгершілік тәрбие»  тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: балалар фольклорының жанрлық ерекшеліктерін таныту, оның тәрбиелік мәнін ашу, сондай-ақ фольклор үлгілері арқылы студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Тақырып студенттер мен қатысқан оқытушылар үшін қызықты болды. Сабақ барысында баяндалған теориялық материал жеңілден күрделіге қарай бірізділікпен дамытылып отырды. Қамтылған негізгі мәселелер сабақ тақырыбының аясында болды, сондай-ақ алдыңғы өткен сабақтармен байланысы көрініп, келесі сабақ тақырыбына логикалық алғышарт жасалды. Сабақ материалы мазмұн жағынан бай әрі терең болды. Бұл студенттер тарапынан қойылған сұрақтар мен белсенділік арқылы байқалды.

Студенттердің жаңа материалды жақсы меңгергендігі анық аңғарылды. Сабақ бойы студенттердің белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі ұйымдастырылды. Сабақта жаппай, топтық және ұжымдық жұмыс түрлері тиімді үйлестіріліп қолданылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.